Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 26 қазан – 1 қараша аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 3 әуе рейсі ұшып келді.
Халықаралық әуе рейспен барлығы 240 адам келді. Олардың 4-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылған.
 Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді. 
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: ашық дереккөз
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 