Атырауға Қазақстан Халқы Ассамблеясынан гуманитарлық көмек жеткізілді

Атырауға Қазақстан Халқы Ассамблеясынан гуманитарлық көмек жеткізілді
(0 Votes)

 Бүгін Атырау облысына «Жомарт жан» орталығының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Су тасқыны салдарынан зардап шеккен елді-мекендерге гуманитарлық көмек» бойынша Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясынан 4 фура гуманитарлық көмек жетті.

Оны Атырау облысының гуманитарлық көмек жинау штабына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов табыстады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы гуманитарлық көмек таратуды бастап, бүгін Атырау облысында жалғасып жатыр. Шымкент қаласынан Атырау облысына 20 тонна азық-түлік келді», деді Ақбаржон Исмаилов.

Сондай ақ, Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы - Кеңес Қосыбаев ерікті жастарға алғыс айтты.

«Қаламызды тасқын судан аман алып қалу үшін өз еркімен жұмыс жасап, бөгеттер тұрғызып, еріктілерді тамақпен қамтамасыз етіп жүгіріп жүр. Жастардың осындай үлкен талаптарына біз риза болып жатырмыз» деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен облыстарға 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT