Қазан айының 6-22 аралығында Құрманғазы көшесі бойындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады,-деп хабарлайды ATPress.kz
«Жол жөндеу жұмыстарының жоспарына сай 6 қазан күні сағат 8.00 бастап Құрманғазы көшесі бойындағы қозғалыс (эстакада, автокөлік көпірінің Құлманов көшесіндегі бөлігінен бастап Авангард ықшам ауданындағы жолайрығына дейін) уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз», делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.
Сурет: ашық дереккөз