Атыраудағы блокпосттар брондалған техникамен күшейтілді

(0 Votes)

Атырау қаласының 4 бағытына қойылған блокпосттарда тәжірибелі әскерилер кезекшілік атқаруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атыраудағы 4 блокпостта 60-қа жуық әскери қызметші екі ауысыммен кезекшілікті атқаруға кіріскен. Әскерилер кезекшілікті полиция қызметкерлерімен бірге атқарады. Олардың блокпосттардағы қызметін күшейту мақсатында 4 «Арлан» брондық техникасы бөлінген.

«Шектеу бекеттеріне тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар қазіргі қалыптасқан жағдайды және аймаққа қандай қауіп төніп тұрғанын жақсы түсінеді. Әскери қызметшілер түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, халық игілігіне қызмет етуге әзір» -деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT