Атырауда «Жолдағы қабылдау бөлімінде» екі күнде Арменияның 200-ге жуық көлігі тіркелді

(0 Votes)

Атырауда полицейлер жүргізушілерге Армениядан кіргізілген автомобильдерді тіркеуге көмектесіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауда екі күнге созылған «Жолдағы қабылдау бөлімі» атты акция өткізілді. Жүргізушілерден 180-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың көбі «армяндық» көлікті тіркеуге қатысты болған. Атап өткенде, көлік иелерін бұл процедурадан өту ережелері, баж құны, үшінші тұлғаның сенімхат арқылы тіркеуден өту мүмкіндігі және тағы басқа мәселелер қызықтырды. Сұрақтарға Атырау облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтегалиев жауап берді. Нәтижесінде, акцияның бірінші күнінде арнайы ХҚКО-да Армениядан әкелінген 108 көлік тіркелді, ал 27 тамызда тағы 84 көлік иесі нөмірлер алды», - деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні Атырауда осындай 3500-ден астам көлік тіркелген. Полицейлер Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 қыркүйекте аяқталатынын еске салды.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT