"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XIХ еңбек маусымына 16-35 жас аралығында жастарды жұмысқа қабылдау басталды.
"Жасыл ел" ЖЕЖ 2023 жылы Атырау облысының 7 ауданына және Атырау қаласына қарасты 7 ауылдық ауылдық округ(Ақсай, Еркінқала, Дамбы, Қайыршақты, Атырау, Алмалы, Кенөзек) аумағына ғана жұмысқа қабылдайды. Атырау қаласының орталығындағы аумақтар (жағалау, ретро саябақ т.б) қарастырылмаған.
"Жасыл ел" ЖЕЖ жастарды тек 1 ай ғана жұмыспен қамтиды. (маусым айында жұмыс жасаған сарбаз шілде, тамыз айларына қабылдана алмайды).
Жұмысқа қабылдануға қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік (алдыңғы және артқы бөлігі); - Kaspi Gold IBAN шот (20 таңбалы нөмір): ұялы телефондағы Kaspi.kz қосымшасы арқылы алуға болады;
- 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы.
Жалақы мөлшері?
-Жалақының жалпы мөлшері 70 000 тг (салықтарды шегергенде таза жалақы 55 440 тг)
- 70000-7000 (зейнетақы аударымы 10%) -1400 (медициналық сақтандыру 2 %) - 6160 (жеке табыс салығы 10%) = 55440 тг
-Жалақы тек Kaspi банк картасы арқылы жүргізіледі.