Атырауда Жайық өзенінің сағасы бейнеағындармен қамтылады

(0 Votes)

 Жылыой ауданындағы сияқты, облыс орталығында болып жатқан оқиғаларды онлайн бақылауға мүмкіндік беретін жүйе орнатылады.

«Сергек» қоғамдық қаупсіздікті фото-бейне тіркеу жүйесі - Жылыой ауданындағы ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін мониторинг құралы. Жедел штаб алаңында берген сұхбатында «Көркем телеком» Sergek Grouр ЖШС-нің жобаларды басқару департаментінің директоры Григорий Аккушимов жүйе арқылы полиция, ТЖД, «Жедел көмек», басқа да түрлі қызметтердің жұмысын мониторингтен өткізуге болатынын айтты.

- Жылыой ауданында 841 камера орнатылған, олардың 755 – қоғамдық бейнебақылау камералары. Жалпы ахуалды бақылап отыру үшін қазір бейнеағынды Атырау қаласындағы жедел штабқа шығару жұмыстарын атқардық,-деп атап өтті Г.Акушимов.

- Бүгіннен бастап каналды іске қостық, енді Жылыой ауданында болып жатқан жағдайды жедел режимде бақылап отыра аламыз. Камералармен Құлсары қаласы, сондай-ақ, 7 ауылдық округ қамтылған. Сөйтіп, электр қуаты ажыратылмаған жердің бәрінде біз ағымдағы ахуалды бақылай аламыз,- деп атап өтті Григорий Аккушимов.

- Атырауға қатысты айтарым, кешкісін өтетін кеңесте анықталатын қажетті мөлшерде қосымша камералар алып келіп, Жайық өзенінің арнасын бойлай Индерден Атыраудағы Дамба ауылына дейін орнатамыз. Сөйтіп, жедел штаб өзен сағасының өзгеруін онлайн режимде бақылап отыратын болады.

- Құрылғыларды орнату қанша уақыт алады?

-  Бүгін нақтыланған бойда мамандарды зерттеп қарауға жібереміз. Әрі кеткенде үш күн ішінде оларды орната аламыз.

-- Басқа өңірлерде осыған ұқсас төтенше жағдайларда жұмыс жасадыңыздар ма ?

- Иә, Абай облысында өрт болған кезде жедел штаб құрылған болатын. Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша төтенше жағдай кезінде «Freedom Telecom» мекемесі Sergek Group-пен бірге Успенка және Каштанка ауылдарындағы жедел штабтарды жоғары жылдамдықтағы спутниктік байлныспен қамтамасыз ету жұмыстарын атқардық. Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін штабтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. ТЖД аймағына «Freedom Telecom»-нің байланыс және монтаждау жөніндегі 15 маманы жіберілді. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және ғарыш космос өнеркәсібі министрлігімен бірлесе 6 дана техника (жеңіл көлік), 3 дрон және 3 Star Link спутниктік байланыс құрылғыларының жинағы пайдаланылды.

Григорий Аккушимов атап өткендей, бейнекадрлар түнде де көрінетін болады, себебі, инфрақызыл жарық беру қаралған. Бұл полицияға иесіз қалған бұйымдарды тонаудың, құқық бұзушылық әркекеттердің алдын алуға көмектеседі. Спикер атап өткендей, Жылыой - бейнемониторинг пен цифрландыру жолға қойылған тұңғыш аудан.

- Қазір тіпті автокөлік байланысы үзілген, соңғы айналма жолдар жабылып қалған аудандарға да қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырмыз. Және қайталап айтайын, ТЖМ қызметін, полицияның қызметін, су басу деңгейін онлайн режимде бақылай аламыз,- деп атап өтті Григорий Аккушимов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT