18 сәуір күні Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикалық “Бекіре-2025” профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды анықтады. 1991 ж.т. азаматша қаладағы қонақүйлердің бірінің маңында ұсталды. Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.
Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.