Биылғы форумның тақырыбы – «Азаматтық секторды цифрландыру: ҮЕҰ үшін трендтер мен мүмкіндіктер».
80-нен астам азаматтық қоғам белсенділері цифрландыруға арналған төрт бағыттағы семинар-тренингке қатысты:
- Digital-State құралдары,
- смарт-фандрайзинг,
- AI дәуіріндегі азаматтық қоғам,
- киберқауіпсіздік.
Қатысушылар әлеуметтік жобаларын ұсынды, үздік төрт жобаға 250 мың теңгеден қолдау көрсетіледі.
Форум мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы әріптестікті нығайту. Қазір өңірде 800-ден астам ҮЕҰ тіркелсе, 200-ден астамы белсенді жұмыс істейді.
Жабылу салтанатында үздік ұйымдар мен волонтерлер марапатталады.