Атырауда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр

(0 Votes)

15 мамыр - ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні. Жыл сайын әлем халқы мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС /СПИД/ -тен көз жұмғандарды еске алады. Биыл бұл күн 15-мамырда атап өтіледі. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС жұқпаларының таралу мәселесіне және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғауға қоғам назарын аудару.

Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырушылар жыл өткен сайын көбейіп барады. Биыл 4 айда аталған инфекция 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і Қазақстан Республикасының азаматы, 2-і шетелдік. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15 жағдайға көбеюде. АИТВ инфекциясы анықталған 27 адамның 85,2 пайызы қала тұрғындары, ал 14,3 пайызы аудандықтар. Жылыой ауданында- 3, Құрманғазы ауданында – 1 адам анықталған.

Инфекция бірнеше жолмен таралған. Мәселен 3 адам инъекциялық есірткі тұтыну кезінде, 14 адам жыныстық қатынасы кезінде, ал 5 адам гомосексуалды қатынас және медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. Ал 3 адамның инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз. Инфекция анықталған 18 еркек пен 9 әйелдің жас ерекшелігі де әр түрлі. 15 пен 29 жас - 11 адам, 30-39 жас - 7 адам , 40-49 - 5 адам, 50-69 жас аралығындағы 4 адам бар.

Жалпы, Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр. 57 вирус жұқтырушы ЖИТС-тен көз жұмған.

Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметі

Эльмира

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика