Атырауда вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

(0 Votes)

«Бүгін Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды» деп хабарлайды  Atr.kz

Қазіргі таңда облысқа Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының тағы 1000 дозасы әкелінді.

Бұған дейін аталмыш вакцинаны қабылдағандар, енді оның екінші дозасын салдыртып жатыр. Вакцина алып жатқандардың қатарында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, Атырау облысы онкологиялық диспансердің директоры Эльмира Сапарова, Атырау облысы аурухана директоры Ербол Иманғалиев бар.

Еске сала кетелік, коронавирусқа қарсы вакциналар Атырау қалалық №3 емханада, Геолог емханасында және аудандардағы ауруханаларда медицина мамандарына салынуда.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT