Атырауда ҰОС қатысушысының құжаты туыстарына табыс етілді

(0 Votes)

1941 жылы Чехославакия аумағында із-түссіз жоғалып кеткен атыраулық жауынгер Темірәлі Сәрсенғалиевтің портретінің көшірмесі мен құжаттары  туыстарына табысталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ҰОС қатысушысының құжаттары мен портреті Ресей Федерациясының  Волгоград қаласындағы мұражайда табылған.  Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова  батырға тиесілі заттарды туған-туыстарына тапсырып, жиынға қатысушылар тарихи сәтке куә болып отырғанын жеткізді.

Оның сөзінше, қан майданнан оралмаған азаматтар туралы деректер жинақтаумен «Атамның аманаты» қоғамдық қоры айналысып жүр. Бүгінде аталған қор Ресей Федерациясының «Поисковое движение России» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойған. Екі жақты серіктестіктің нәтижесінде жерлесіміз Темірәлі Сәрсенғалиевтің портретінің көшірмесі мен құжаттары табылған.  

Айта кетейік, Темірәлі Сәрсенғалиев – 1922 жылы  Гурьев облысы Теңіз ауданының Жамбыл колхозы, Мұратов ауылдық кеңесінде дүниеге келген. «Қызыл Жұлдыз» және Сталининградты минадан тазартудағы еңбегі үшін «Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордендерімен марапатталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT