Атырауда Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні аталып өтті

Атырауда Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні аталып өтті
(0 Votes)

Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қаржы саласының қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілген күні! Бұл дата да қаржы саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі елеусіз қалмауы тиіс . Әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың өсуі, мемлекеттің әрбір жобасының сәтті іске асуы, сіздердің еңбектеріңіз. Баршаңызға толағай табыс тілеп, бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, - деді Ж.Бисембиев.

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшысы Арайлым Басарова мен басқарманың бас маманы Айтуған Махметоваға ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар, экономика және қаржы басқармасының өңірлік даму бөлімінің басшысы Руслан Құрманғалиев пен басқарма бөлімінің бас мамандары Ақмарал Қаресова, Самал Жұмағазиева, Алима Кенешева сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшылары Бақтыгерей Жақсығалиев пен Ринат Қалиев және бас маманы Ақмарал Маукеева министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан бөлек, өңірдегі қаржы саласының бір топ қызметкеріне облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT