Атырауда түрмеге телефон лақтырған тұрғын қамауға алынды

(0 Votes)

20 қыркүйекте кешкі жетілер шамасында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінің (ерлер түзету колониясы) дуалынан 4 ұялы телефон мен 4G роутері салынған пакетті лақтырған.

Қарауыл оны байқаған бойда ол өз «Приорасына» мініп кетіп қалыпты. Бірақ көп ұзамай оны ҚАЖД қызметкерлері полициямен бірге ұстады. - УГ-157/9 қызметкерлері колония периметрі бойынша орнатылған «Сергек» камерасына түсіп қалған көлікке бағдар берді, - дейді УГ-157/9 бастығы Думан Тәженов.

- Бір сағаттың ішінде құқық бұзушы Береке ықшам ауданында ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, ол жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты, енді ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы 3-тармағы (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша да жазаланады. ҚАЖД қызметкерлері «тапсырыс берушілерді» анықтады, колония әкімшілігі оларға тәртіптік жаза қолданды.

Ал телефон лақтырған қала тұрғына 10 күнге әкімшілік қамаққа алынды. Атырау облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі ҚАЖД-нің барлық мекемелерінде заң бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

Сурет: ашық дереккөз

Мақат тынысы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика