Атырау қаласында Жастар ресурстық орталығы мен қалалық Полиция басқармасының бірлесуімен “Заң және тәртіп” жобасы аясында “Тәртіпті өзіңнен баста” атты акция ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жастар мен полиция қызметкерлерінің арасындағы өзара байланыс пен түсіністікті нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және тәртіптің қоғамдағы маңызын дәріптеу.
Акцияға қала мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты. Полиция қызметіне қызығушылық танытқан түлектерге арнайы таныстыру сағаты өткізіліп, олар тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы мен қызмет барысымен танысты.
Ақкүн Серікқызы