Атырауда тегін тілдер курсы ашылды

(0 Votes)

Бұл туралы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Лаура Газизова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласында биылдан бастап қазақ, орыс, ағылшын тіліне тегін оқыту курстары ашылды. Оқуға 20 жастан асқан қаланың кез-келген тұрғыны тіркеле алады. Мұнда алғашқыдан бастап, еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Бұл жобаны облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының демеушілігімен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асырған.

8g8g7n7nep

-Дамыған және алдыңғы қатарлы ел болуымыз үшін бізде білімге деген талпыныс болуы керек және жаңа заманның сын-тегеуріндеріне тез бейімделе білу қажет. Мақсатымыз – Атырау тұрғындарының біліктіліктерін арттыру, бәсекеге қабілетті болуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда 70-ке жуық адам курстан өтуде. Олардың 80 пайызы жеке тұлғалар, 20 пайызы мекеме қызметкерлері. Ал қатысушылар 15 адамнан топқа бөлініп оқиды. Оқу жиілігі аптасына бес рет деп бекітілген. Қазақ тілі 120 сағат, орыс тілі мен ағылшын 80 сағат оқытылады,- деді жобаның ұйымдастырушысы Лаура Газизова.

itripmip

Айта кетейік, курстың өтетін орны: Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 12. Оқу курсына алдын-ала жазылу үшін 8(7122)51-95-27 және 87028072800 номерлеріне хабарласуға болады.

Мақат тынысы

Сайлау

ybory-2023-price

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика