Атырауда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының қорытынды шарасы өтті

(0 Votes)

«Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым – үздіктерге құрмет» тақырыбындағы қорытынды шара өтті.

Іс-шара бір жыл бойы жүзеге асырылған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеру, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұқыпты пайдалануға үндеу және осы бағытта белсенділік танытқан мекемелер мен азаматтарды марапаттау.

 

– Бүгінгі шара – табиғатты аялауға арналған үлкен еңбектің жемісі. Таза табиғат – ұрпаққа аманат. Осы жолда бірлесе еңбек еткен барша жанға алғысым шексіз, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

 

Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, эколог мамандар, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты. Жалпы, экологиялық бастамаларға белсене атсалысқан 25 адам арнайы марапатталды.

 

Шара соңында облыс әкімінің орынбасары қорытынды сөз сөйлеп, марапаттау рәсімімен жиын өз мәресіне жетті.

 

🖋️Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT