Атырауда «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды

(0 Votes)

Кәсіпорын Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасымен, облыс меншігіндегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылды.

Бұл турлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Сапарбай Қуанышов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, «Қазсуашар» РМК АОФ теңгеріміндегі 12 канал және «Ералы» су торабын облыс әкімдігінің меншігіне қабылдау жұмыстары жүруде.

- Кәсіпорын РМК «Қазсуашар» мекемесінің функциясын толық өз теңгеріміне алды. Бүгінде барлық құқық белгілейтін құжат облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып жатыр. Сондай-ақ мекеменің штаттық құрамы анықталуда, - деді С.Қуанышов.

Оның айтуынша, жаңа кәсіпорынның штаттық құрамы анықталған соң, қажетті техникалармен қамту мәселесі қаралады. Мекеме өңірдегі каналдарды, гидротехникалық нысандарды күтіп-ұстау, жөндеу сынды тасқынның алдын алу бағытында жасалуы тиісті жұмыстарға жауапты болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT