Атырауда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Абила Казиева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы аумағында биыл шегірткелерге қарсы 31 900 гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оның 3 800 гектары итальян прусына қарсы Вантекс пестицидімен және 28 100 гектары азиат шегірткесіне қарсы Локустин, Тарзан пестицидтерімен жүзеге асырылған.
Шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 16 дана GPS навигатор, планшеттерді пайдалана отырып, штаттық бірліктегі 16 автокөлік пен 40 сала мамандары тартылды. Оған қоса 6 жалданбалы автокөлік пен 14 анықтаушы қосымша алынып, дельталеттерде 2 ұшқыш пен 2 оператор, жерүсті бүріккішінде 1 оператор мен 1 жүргізуші барлығы 35 автокөлік пен 60 адам жұмысқа жұмылдырылған.

-Облыста шегірткелерге қарсы жұмысты ұйымдастыру мақсатында жедел әрекет ету штабтары құрылып, тиісті түсіндірме жұмыстары атқарылды. Қызмет көрсетуші мердігер компаниялар «АвиаСила» ЖШС 2 дана дельталеттерімен әуе тәсілі арқылы және Батыс Қазақстан облысының «Магтоксин» ЖШС 1 дана атомайзерлі бүріккіш аппаратурасымен жерүсті тәсілі арқылы жұмыс атқарды. Пестицидтердің биологиялық тиімділігі 96-97 пайызды құрады. Жергілікті жерлердегі шаруагерлер мен жер иелері биылғы жасалған жұмысқа дән ризашылықтарын білдіріп жатыр, деді А.Казиева.

Сонымен қатар, биылғы қалыптасқан ауа-райына байланысты өңірде басқа да зиянкестердің белсенділігі артты. Қызылқоға ауданында жусан күйесі, барлық аудандар мен қала маңында шалғын мен ошаған көбелектерінің таралуы орын алды. Осы жылғы 10 маусым күні Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына өзгеріс енгізіліп, шалғын көбелегі аса қауіпті зиянды организмдер тізіміне енгізілді. Ендігі жерде оларға қарсы фитосанитариялық іс-шараға қаражат көзі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521