Атырауда референдум алдындағы кеңес өтті

Атырауда референдум алдындағы кеңес өтті
(0 Votes)

Облыста барлығы 9 аумақтық, 274 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс жасайды. Яғни, науқанға барлығы 283 комиссияның 2037 комиссия мүшесі тартылған. 

1 қыркүйекке дейін комиссиялардағы 120 бос орынға жаңа мүшелер тиісті мәслихаттармен сайланды. Қазіргі уақытта комиссияларда бос орындар жоқ. Бұл туралы алтыншы қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу мәселелері бойынша кеңесте Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағалиев баяндады. Айтуынша, облыстағы 274 референдум учаскелерінің 134-і немесе 49%-ы облыс орталығында орналасқан. Өңірде азаматтардың уақытша болу объектілерінде құрылған 11 жабық учаскелер бар. Олардың барлығы Атырау қаласында. Биыл облыста 2 сайлау учаскесі жабылып, жаңадан 7 сайлау учаскесі ашылған. 39 учаскенің шекараларында өзгерістер жасалды.

Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай 8 референдум учаскесінің орналасқан орындары ауысты.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 15 қыркүйекте, яғни дауыс беруге 20 күн қалғанда әкімдіктерден акт бойынша азаматтардың тізімдері алынатын болады (01.07 жағдаймен 412757). Осы күні референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдері мен саны және дайындалуы тиіс дауыс беруге арналған бюллетеньдер саны анықталады.

Азаматтардың тізімдерін референдум комиссиялары қабылдаған күннен бастап, яғни 15 қыркүйек күні УРК өз жұмыстарын бастайды.

Дауыс беруге он бес күн қалғанда, яғни 20 қыркүйектен кешіктірмей азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері оларға танысуға ұсынылады, — дейді Есенжол Таңатарұлы.

Дауыс беру кезінде мүгедектігі бар азаматтарға үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар жасақталуда. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру бойынша облыс әкімінің бекітуімен іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Рефрендум учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға жағдайлар жасау мәселелері 4 қыркүйекте өткен облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінде қаралып, жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Қала және аудандардың 181 референдум учаскелерінде азаматтардың өздерін тұрғылықты жері бойынша іздеуі бойынша сервистік қызметтер және Атырау қаласының 5 референдум учаскесінде тіркеуде жоқ азаматтарды өтініштері арқылы тіркеу бойынша дауыс беруді жүзеге асыру жоспарланған.

ОРК-нің эскизі бойынша қала және аудандарда, елді-мекендерде 142 ақпараттық бильбордтар ілінді. Референдум учаскелері орналасқан ғимараттарға 548 календарлық банерлер, 1096 инфографикалық плакат ілінуде.

Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары басталды. Осылайша, 1152 референдум комиссияларының мүшелерін арнайы оқытудан өткізу жоспарланған. Сонымен бірге, каскадтық әдіспен оқытуда барлық 2037 комиссия мүшелері қамтылады. Кеңесте 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы ҚР ОРК Төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді.

Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисемьиев референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімі бойынша жергілікті атқарушы органның атқарып жатқан жұмысы, референдумды ұйымдастырушылық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету барысын баяндаса, референдум процесіне қатысушылардың референдум заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов тарқатты.

Ал, референдум науқаны және дауыс беру күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жайын Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев айтты.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT