Атырауда қоқыс шығару және тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі цифрландырылды

Атырауда қоқыс шығару және тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі цифрландырылды
(0 Votes)

 Атырауда тұрмыстық қалдықтарды басқару енді тек техникаға емес, заманауи технологияларға да сүйеніп отыр. Осыған байланысты өткен іс-шарада қоқыс жинау цифрлық бақылауға көшкені туралы баяндалды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды. Бұл міндет коммуналдық қызметтер саласында да нақты іске аса бастады. Атырау қаласында қоқыс шығаруды басқару жүйесі толықтай цифрландырылғалы әр жәшік картада болса, әр рейс — бақылауда.

«Спецавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов цифрландыру жобасы үйілген қоқыс орындарының санын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

- Жүйе қызмет көрсету сапасын бақылауға мүмкіндік береді және қалдықтарды тиімді басқаруға арналған талдамалық деректерді қарастырады. Бұған дейін деректер қағаз жүзінде ұсынылған болса, енді барлық процесс цифрлық форматта көрсетіледі. Мәселен қай уақытта, қай маршрутпен, қандай учаскеде жұмыс атқарылғанын нақты білуге болады, – деді А.Ізтілеуов.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен «Спецавтобаза» ЖШС базасында қоқыс жинау процесін диспетчерлеу және мониторингілеу жүйесі енгізілді. Жоба қоқыс таситын көліктердің қозғалысын нақты уақыт мерзімінде бақылап, қалдықтардың қайда және қалай төгілетінін дәл есепке алуға мүмкіндік береді.

- «Спецавтобаза» мекемесі 2021 жылы  цифрландыру жүйесіне қосылды. Бұл өз кезегінде бизнестік процестердің жүйелі қолға алынып, жұмыс күшін айтарлықтай жеңілдетті. Осы арқылы көптеген мәселенің алды алынып, жұмыстың едәуір жеңілдегенін көруге болады. Бүгінде бесінші жылға аяқ бастық. Қаладағы қоқыстар дер кезінде алынып,тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Цифрландыру жұмысы әрмен қарай жалғасатын болады, - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мекеменің техникалық базасы цифрландыру жүйесіне 95% қосылған.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT