Атырауда қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған апталық өтуде

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-27 қаңтар аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық жүргізіледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жатыр мойны қатерлі ісігі – дүниежүзі бойынша ең жиі кездесетін  қауіпті дерттің бірі. Десе де, аталмыш ауруды  ерте анықтау емделуге кепілдік береді. Бұл туралы брифинг барысында облыстық онкодиспансері директорының міндетін атқарушы Эльмира Сапарова мәлімдеді. 

Жатыр мойны қатерлі ісігі –  жатыр мойнында пайда болатын ауру емес. Оның дертке  әкеліп соқтыратын  өзіндік  факторлары бар. Сондықтан, ұйымдастырылып отырған ашық есік күніне  барлық әйел адамдар келіп, тексерістен  өтсе дейміз, – дейді Эльмира Сапарова.


Бүгінде облыстық онкологиялық диспансерінде  төрт мыңға  жуық науқас есепте тұр. Соның ішінде жатыр мойны қатерлі ісігімен  тіркелген әйелдер саны – 523.  

 Айта кетейік, апталық аясында әйел адамдар онко-гинеколог кеңесін жолдамасыз ала алады. Ал, жұмыс күндері апталыққа келе алмайтындар үшін 25 қаңтар күні ашық есік күні өтеді. Мұнда  келушілерді  мамандар  сағат  09:00-13:00 аралығында қабылдайды.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT