Атырауда қатаң карантиндік шектеу шаралары 17 тамызға дейін ұзартылды ⠀

(0 Votes)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, аймақтағы карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

- 2020 жылдың 3 - 17 тамыз аралығында Атырау облысы аумағында қатаң карантиндік шаралар сақталады, - деді облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева.


Оның айтуынша, қалалар мен елдімекендер арасында автобус тасымалына, сонымен қатар, Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының бағыттары бойынша жолаушылар теміржол тасымалына тыйым салынады.


- Әкімдік, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған жағдайда облыстың, қаланың, аудандардың және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыскерлерін қоспағанда кешкі сағат 23.00 мен таңғы сағат 6.00 аралығында тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына тыйым салынады, - деп нақтылады Жанар Досымбаева.


Алдағы екі аптада бетперде тәртібін сақтай отырып, тасымалдау салонында екі жолаушыдан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын такси қызметінен басқа қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынады.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT