АТЫРАУДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

АТЫРАУДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов пен «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Ақан Қайырғалиев партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы брифинг өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді. 

Жобаның биылғы ерекшелігі берешегі 90 күннен асқан азаматтар қатыса алады. Жыл соңына дейін оффлайн және онлайн форматта 3 күндік тегін тренингтер өткізеді. -«Қарызсыз қоғам» жобасы пилоттық жоба ретінде жалпы елімізде 2023 жылы бастау алды. Өткен жылы облысымызда 6 мыңнан аса адам оқудан өтті.

Ал биылғы жылдың 17 ақпанынан бастап жобасы аясында оқытулар басталып, Атырау қаласы мен Исатай, Мақат аудандарында өтуде,- деді Абдолла Хамиұлы.

«Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Ақан Қайырғалиевтің айтуынша биыл 14 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Оның 9660 онлайн, 4140 оффлайн форматта оқытылады.

Айта кетейік оқуға ниет білдірген әрбір азаматтың жобаға қатысуына мүмкіндік бар. Олар «AMANAT» партиясының жергілікті филиалдарына хабарласып, тіркеле алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT