Атырауда «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

(0 Votes)

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, - деп хабарлайды Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Жобалық топтың құрамына әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері бойынша департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал мамандары кірді.

Жобалық кеңсенің механизмі бойынша, азаматтар туындаған сұрақтарымен келген кезде кезекші келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда, мәселені шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.

2010261502170947g


«Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментіндегі жобалық кеңсе қазіргі уақытта қызу түрде жұмысын атқаруда. Кеңсе құрамына негізгі мәселелер бойынша лауазымдық тұлғалардың қатысуы қарастырылған. Олар Атырау облысының тұрғындарына әскери тақырыптағы сұрақтарға жедел, уақытылы және шынайы жауап беруге дайын», – деді жобалық кеңсенің басшысы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары капитан Жасұлан Сатбалдиев.

2010261502211649g

Жобалық топ азаматтардың мәселелерін шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдайтын болады. Жұмыстың тиімділігі мекеме бастығына жазбаша өтініш беру, бағынысты біріккен басқармалармен, басқа органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Осылайша, қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады.

2010261502247550g

Айта кетсек, «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі бекітілген «Адалдық алаңы» жобасының жарғысына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады. Келушілерді қабылдау жұмыс күндерінде сағат 9-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT