Атырауда полицейлер есірткі фитозертханасын өсірген күдіктіні ұстады

(0 Votes)

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT