Атырауда пәтерден өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

(0 Votes)

Атырау қаласының өрт сөндірушілері өрт кезінде 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 15 тамыз күні болған.

Баспасөз хабарламасы:

Сағат 13.44-те Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 23 үй мекенжайында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде, 5-ші қабаттағы 12 шаршы метрлік пәтерде үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып жатқаны анықталды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен баспалдақ маршы бойынша подъездің пәтерлерінен 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Сағат 14.08-де өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері, 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521