Биыл Атырау облысында ыстықтай мырыштау цехы іске қосылғалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысындағы «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-нің зауытында ғимараттар мен эстакадалар, көпірлер, фермалар, тіректер мен модульдер, көлемі 20000 текше метрге дейінгі резервуарлар, ыдыстар, реакторлар, шырақты жүйелер, мұнаралар, көтергіш жабдықтар, сонымен бірге кез келген күрделі құбырлы бекіткіш жобаланады.
Бұлардың бәрін серіктестік мамандары 80 мың шаршы метр аумақта орналасқан өндірістік базада дайындайды.