Атырауда мыңнан аса адам абаттандыру ережесін бұзған

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірлік полиция елді мекендердің санитарлық жағдайына бақылауды күшейтті. AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1 600-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 2025 жылдың басынан бастап Атырау облысында учаскелік инспекторлар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар рейдтік шаралар өткізуде. Бұл іс-шаралар республикалық «Таза Қазақстан» акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында жүзеге асырылып отыр.

Ерекше назар тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз төгу және жинаудың алдын алуға аударылып отыр. Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1 652 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластағаны үшін 2 136 адамға қатысты шара қолданылған.

Профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Басты мақсат — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті көзқарас қалыптастыру.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT