Атырауда модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігі күзде болады деп болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындықты күшейтті.

Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралардың бірі — Үкімет тапсырмасына сай, Атырау қаласында салынып жатқан модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы.200 орындық инфекциялық аурухана стандартымен бой түзейтін медициналық нысанды облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен ЖШС "BI Industrial"BI компаниясы салып жатыр.

118764221_2408803962760666_8486185365163757237_o

Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады.

118774035_2408803776094018_8052295936664346800_o

Медициналық нысанда 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және жеті екі орынды бокстар аулаға шығатын арнайы есіктерімен жасалуда.Сондай-ақ, интенсивті терапия бөлімінде 20 кереует және қабылдау-диагностикалық бөлімінде бес бокс жасақталады.

Медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ мен рентген аппараттары, бронхоскопикалық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар болады деп жоспарлануда.
Жаңа аурухана жұмысына жергілікті медициналық қызметкерлер қайта оқыту арқылы тартылады.

118766699_2408803769427352_5684777741732444318_o

Тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары қазанда бітеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT