Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бйоынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы лауазымына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2024 жылғы түлегі Қақиева Айнагүл Қазбекқызы конкурстық іріктеусіз тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айнагүл Қазбекқызы осы уақытқа дейін Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы қызметінде болды.
"Меритократия кағидаты негізінде басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіге ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тілейміз!" делінген хабарламада.