Атырауда лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан серіктестік анықталды

Атырауда лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан серіктестік анықталды
(0 Votes)

Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында серіктестіктің заңсыз қызметіне қатысты ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігі (Лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) іс қаралды.

– ️ҚР «Білім туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына сәйкес, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия және рұқсаттың болуы талап етіледі. Алайда ЖШС-нің 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап лицензиясыз және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып, 2024-2025 оқу жылына 318 оқушыны қабылдағаны анықталды. ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс-материалдарымен дәлелденді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот қаулысымен ЖШС-ға ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігімен 64 610 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл – салынған айыппұлдың жалпы сомасының 30 пайызы.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2 балабақша есепшілері бюджет қаржысын жеке есепшотқа аударып жібергенін хабарлаған болатынбыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT