Атырауда көлік терезесін заңсыз қараңғылатудың алдын алу шаралары жүргізілуде

(0 Votes)

Автокөліктердің қараңғылатылған бүйір және алдыңғы терезелері жүргізушінің көру мүмкіндігін шектеп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Жол апаттарының басым бөлігі – жолдағы көріністің нашарлығынан орын алатыны белгілі.

Осыған байланысты, Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Жыл басынан бері көліктің алдыңғы терезелеріне заңсыз қараңғылатумен айналысқан 400-ге жуық жүргізуші анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде бұл құқықбұзушылықты бірнеше рет қайталаған азаматтар да бар.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарды көлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде заң талаптарын сақтауға, көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуға шақырады. Тәртіпке бағыну – өз өмірің мен өзгенің өміріне деген жауапкершілік екенін ұмытпаған жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT