Атырауда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

(0 Votes)

АТЫРАУ. ҚазАқпапат - Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың қаулысымен өңірде карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда тұрғындарға 2 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, міндетті түрде масқа тағу міндеттелген. Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданындағы Мақат кентінде карантин күшейтілген күйінде қалады.

1. Атырау облысы аумағында шектеу шаралары созылсын және Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданы, Мақат поселкесінде карантин режимі 2020 жылғы 8 маусым 07:00-ге дейін cозылсын.

2020 жылғы 25 мамыр сағат 07.00-ден 8 маусым сағат 07.00-ге дейін Атырау облысының жедел штабы бекіткен блокпосттарды кесіп өту ережесінде көрсетілген жағдайдан тыс, Атырау қаласының карантиндік аймақтарына кіріп-шығуға тыйым салынсын.

2 метрге дейін әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде масқа тағу арқылы (үш адамнан артық емес топ немесе бір отбасы мүшелері) азаматтарға тұрғылықты жерінен шығуға рұқсат берілсін;

2. Азаматтардың қозғалысына тек жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды алуға, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты жағдайда ғана жеке, қызметтік, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат беріледі;

Сағат 23.00 мен 06.00 аралығында Атырау қаласында, 21.00 мен 6.00 аралығында Жылыой ауданында, 20.00 мен 6.00 аралығында Мақат ауданындағы Мақат поселкесінде мемлекеттік органдар, жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық – эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық құтқару және авариялық техникалық қызмет, сондай ақ, стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерінен (бөгде адамдарсыз, отбасы мүшелерінсіз және қызметтік куәлік пен жұмыс орнынан берілген анықтамасымен) басқа азаматтар мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынады.

3. Атырау облысы әкімдігі:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы, 22 мамырдағы № 37 -ші қаулысының (әрі қарай ҚР БМСДҚ) 15-ші қосымшасына сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, Атырау қаласында сағат 06.00 мен 23.00 аралығында қоғамдық көлік қызметі толықтай қалпына келтірсін.

2) ірі көлемдегі думанды, спорттық, өзге де бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен бірге, отбасылық, еске алу шараларының, соның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салсын.

3) діни нысандардың жұмысына тыйым салсын;

4) ҚР Үкіметінің ведомствоаралық комиссиясымен бекітілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының, теміржол вокзалы, автовокзал жұмысының тоқтатылуын сақтасын.

4. Атырау облысы әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, 2020 жылғы 25 мамыр сағат 7.00-ден бастап, төмендегі кәсіпкерлік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз етсін:

1) туристік агенттіктер (ҚР БМСДҚ 11 қосымшасына сәйкес);

2) көңіл көтеру нысандарынсыз саябақ, алаң, шағын бақтарға, жағалауға үш адамнан артық емес топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат берілсін;

3) автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында ара қашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауылшаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге 9.00-17.00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат берілсін;

4) сағат 09.00-22.00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының (ҚР БМСДҚ 17 қосымшасына сәйкес) жұмысына рұқсат берілсін;

5) дәмхана, мейрамхана, кофехана, асхана, бар (қорқор барынан басқа) жұмыстарына бір мезгілде қабылдау 30 адамнан артық емес (ашық алаңдарда 50 адамнан артық емес) жағдайда және 2 метрден кем емес әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, бір үстелде 4 адамнан артық емес адамды отырғыза отырып (отбасы мүшелерінен басқа), (ҚР БМСДҚ 17 қосымшасына сәйкес) сағат 09.00-22.00 жұмыс режимі аралығында қызметіне рұқсат берілсін.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT