Атырауда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзартылды

(0 Votes)

Атырау облысында қоғамдық тамақтану орындары 00:00 ге дейін қызмет етеді.

Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 ақпандағы жаңа қаулысына сәйкес өңірде бірқатар жеңілдетулер 2021 жылдың 11 ақпанында күшіне енеді.

- Атап айтқанда, мейрамханалар мен кафелерге таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұған дейін олар келушілерге тек 20:00 - ге дейін қызмет көрсете алатын. Қоғамдық тамақтану уақытын ұзарту туралы шешім Атырау облысы жасыл аймақта болғасын қабылданды. Қазір ең бастысы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы және азаматтардың денсаулығы, - деді Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов.

atpress.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT