Атырауда Қазақстан әйелдерінің саяси көшбасшылығын дамыту және ілгерілету мақсатында 13-тамыз күні «TOMIRIS» Ақпараттық-білім беру бағдарламасы» басталады.
Жобаның мақсаты: әйелдердің саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әлеуетін арттыру.
13-17 тамыз аралығында 5 күнге созылатын аталмыш бағдарламада республикалық спикерлер әртүрлі тақырыптар бойынша семинар – тренгинг өткізеді.
Жобаға қатысушылар көшбасшылық әлеуетті дамыту, қаржылық сауаттылық және «soft-skills» икемді дағдыларын қалыптастыру, келіссөздер және көпшілік алдында сөйлеу курстарынан өтеді.
“ TOMIRIS Ақпараттық-білім беру бағдарламасы” жобасы өңірімізде Атырау облысы Ішкі саясат бағдарламасының қолдауымен, “Инфо Орталық” ҚБ ұйымдастыруымен Азаттық даңғылы 111, «ATB Grand Hotel» қонақ үйінің конференция залында 13-17 тамыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, шілде айында «Tomiris» бағдарламасына іріктеу өткізілген болатын. 5 күндік оқуға іріктеуден өткен азаматшалар ғана қатынаса алады.