Атырауда “Interceptor” жүйесі 1,9 млн теңге айыппұлы бар көлікті анықтады

Атырауда “Interceptor” жүйесі 1,9 млн теңге айыппұлы бар көлікті анықтады
(0 Votes)

Атырау қаласында Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Interceptor” автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы жалпы сомасы 1 904 620 теңге болатын айыппұлы бар автокөлік анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушінің 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны белгілі болды.

Toyota Camry маркалы автокөлік қала көшелерінің бірінде жүрген кезде жүйе арқылы тіркеліп, бұл дерек жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама түрінде берілген. Нәтижесінде көлік жол бойында тоқтатылып, арнаулы тұраққа қойылды.

Көлік иесі – 32 жастағы қала тұрғыны. Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

Айта кетейік, “Interceptor” жүйесі — бұл арнайы бейнебақылау мен талдау құрылғылары арқылы айыппұлы бар немесе іздеуде жүрген көліктерді автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды жүйе. Ол полицияның әрекетін жеделдетіп, жолдағы құқықбұзушылықты азайтуға көмектеседі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT