Атырауда газетке жазылушылар арасында ұйымдастырылған ұтыс ойыны жеңімпаздары анықталды

(0 Votes)

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен облыстық және аудандық газетке жазылушылар арасында ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірілік коммуникациялар қызметі.

Ұтыс облыстық «Atyray», «Прикаспийская коммуна» және жеті аудандық газетке 6 айға, 1 жылға жазылушылар арасында ойналды. Ұтыс ойынының жеңімпаздары компьютердегі кездейсоқ сандар арқылы таңдалды. Жеңімпаздар «Caspian News» телеарнасынан тікелей эфирде анықталды.

Жүлде қоры 300 мың теңгені құрайтын лоторея ойынына бас жүлдеге 100 мың теңге тігілді.

Оған Анар Махмудова есімді оқырман ие болды. Ал, 50 000 теңгелік екі сертификат Маркс Аруов пен Айгерім Медетоваға бұйырса, 25 мың және 10 мың теңгелік бес сертификаттың иегерлерінің де белгілі болды.

Ұтыс ойынының бас демеушісі - “Қазақстан Еуразия банкі” акционерлік қоғамы.

Айта кетейік, облыстық және аудандық газетке жазылғандардың жалпы саны 17 мыңнан асып отыр. Оның ішінде, «Қызылқоға», «Серпер» газеттері оқырмандары ерекше белсенділік танытып отыр.

Эльмира

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика