Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан бұрын сотталған 30 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде синтетикалық есірткінің 45 түйіншегі тәркіленді. Сондай-ақ, жалға алынған пәтерінен үш зип-пакет, электронды таразы, фольга, тамшуыр, орама табылып, тәркіленді. Алынған заттар 67 граммды құрайтын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.