Атырауда бір тәулік ішінде мас күйінде көлік басқарған  жүргізушілер анықталды

Атырауда бір тәулік ішінде мас күйінде көлік басқарған  жүргізушілер анықталды
фото: видеодан алынды
(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылдың «Профилактика жылы» деп жариялауына байланысты 2025 жылдың 20 мамыр мен 20 маусым  аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шара шеңберінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында Атырау қаласында кешенді тексерулер жүргізілуде. 22 мамыр күні бір тәулік ішінде жол қозғалысына қатысушылар тарапынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, көлік құралын масаң күйде басқарған 3 жүргізуші ұсталды. Олардың бірі – есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19-23 мамыр аралығында қала аумағында өткізілуде жатқан «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында шетел азаматтары тарапынан да құқық бұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқарған 2 тұлғаның шетел азаматы екендігі анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына (көлік құралын масаң күйде басқару) сәйкес тиісті іс-құжаттар жинақталып, материалдар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Тәртіп сақшылар азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT