Атырауда балық аулауға маусымдық шектеу қойылды

(0 Votes)

Балықтардың уылдырық шашатын мезгіліне орай 15 мамырдан бастап өңірде балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.


Балық аулауға тыйым салудағы басты мақсат – табиғи байлығымыздың өсімін молайту. Сондықтан, сала мамандары 15-мамырдан бастап 15-маусымға дейін өзен, көлдерге аулау құралдарымен барғандарға айыппұл салатын болады. Жалпы, осы кезеңінде уылдырық шашатын айдындарда моторлы қайықтармен және басқа да жүру құралдарымен жүруге тыйым салынған.

41368286-1f20-4744-ae0a-03319391e044

- Бір ай мерзімге Атырау және Батыс Қазақстан облыстары шегіндегі Жайық өзенінде барлық жайылма су айдындарында әуесқой балық аулауға толық тыйым салу күшіне енеді. Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде бұл шектеу сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында қолданылады, - деді Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.


Ол қиғаш өзені бойынша балық аулаудың шектеу мезгілінің ерте басталу себебі - Қиғаш өзенінің Ресеймен шектесетін өзіндік ерекшелігімен түсіндірді. Мемлекеттің басты бағыттарының бірі - ауылдық жердегі кәсіпкерлікті, өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты қолдау көрсету. Сол себепті осындай жағдайда Қиғаш өзенінен балық аулау мерзіміне ерте шектеу қойылады.

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика