Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 79-шы жәрмеңкесі өтті

(0 Votes)

Жыл басынан бері әр аптаның сенбі-жексенбісі өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 21 кәсіпкер мен 29 бау-бақша иесі өз өнімдерін әкелді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тұрғындарға ет өнімдері, балық, шұжық, сүт, нан, жұмыртқа, жеміс-жидек пен көкөніс тауарлары ұсынылды. Барлық өнімдер қаладағы сауда орындарындағы бағадан 10–15 пайызға төмен бағада сатылды.

Жәрмеңкеде Индер ауданындағы «Себек» және «Ертөстік» шаруа қожалықтары арнайы ет жеткізді. Әр жәрмеңкеде шамамен 200–250 келі сиыр еті сатылып, бағасы 2500–3000 теңге аралығында белгіленді.

Өткен екі күннің қорытындысы бойынша тұрғындарға шамамен 250 келі ет, 0,7 тонна балық, 1 тонна сүт өнімдері, 2 тонна картоп, 0,5 тонна пияз, 1 тонна сәбіз, 0,8 тонна қырыққабат, 0,6 тонна қызанақ, 0,4 тонна қияр, 0,2 тонна қызылша, 0,5 тонна дәнді дақылдар мен 3000-ға жуық жұмыртқа ұсынылды.

Жәрмеңкені өткізу барысында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасалып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қолжетімді бағамен сатылуына мүмкіндік берілді.

Аталған жәрмеңке жыл соңына дейін жалғасады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT