Атырауда әуе рейстері әзірге ұшпайды

(0 Votes)

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан жеті бағытта қатынайтын әуе рейстері қайта ашылды

5ebcc4c270e78245491056

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балхаш, Зайсан және Үржар бағытындағы әуе рейстері қайта ашылып жатыр. Рейстер қазақстандық әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер бекіткен санитарлық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
  • термометрия, әуе кемесінің бортына отыруға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  • әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың артатынын назарға алып, әуе компаниялары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Ведомствоаралық комиссия шешімінсіз ұшуға тыйым салынған жерлерге әуе билеттерін сатуға болмайтыны туралы жеткізілді

azattyq-ruhy.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521