Атырау облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды. Ауқымды шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы өткізді.
Марафонның басты мақсаты – ерлікпен ел қорғаған ардагерлердің өсиетін кейінгі ұрпаққа жеткізу, Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылықты дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында тарихи жадыны жаңғырту.
Республикалық марафон Ақтөбе облысынан бастау алып, Батыс Қазақстан облысы арқылы Атырауға келіп жетті. Кезекті шара барысында Ақжайық өңірінің жастары «Өсиет хатты» салтанатты түрде Атырау жастарына табыстады.
Шара соңында Атырау облысы «Өсиет хатты» қабылдап, келесі кезең бойынша марафон эстафетасын Маңғыстау облысына жолдады.
Ақтілек Базарбаева