Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды
(0 Votes)

 Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT