Бұл бастама “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында өткен сенбілікпен ұштастыра жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ескі қала аумағы, СМП шағынауданы және тағы басқа бірнеше нүктеде тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
- Атырау қаласының аумағында бүгінде 117 апатты үй тіркелсе, оның 8-і — көпқабатты тұрғын үйлер. Қала әкімдігі бұл мәселеге бей-жай қарамай, ескі, тозығы жеткен нысандарды біртіндеп сүру жұмыстарын бастады. 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылып, бүгіннің өзінде 30-ға жуық апатты үйдің орны қалдықтардан толық тазартылмақ,- деді қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімі басшысының м.а. Ақесен Ибрагимов.
Айта кетейік, Жайық жағалауында өткен жалпықалалық сенбілікке 5000-ға жуық ерікті қатысып, өзен маңын қоқыстан тазартуға белсенді түрде атсалысты.