15 маусым күні Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының басшылығымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу жаттығу жұмыстары өтеді.
Оқу-жаттығудың негіззгі мақсаты - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан теңіз экономикалық қызметі объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операцияны жүргізуге тартылған күштер мен құралдарды кешенді қолдануды практикалық пысықтау.
Аталған уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілетін болады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары өткізіліп жатқан жаттығуларға түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды және уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.