Атырауда Абай күні аталып өтті

(0 Votes)

Бүгін 10 тамыз Абай күнінде атыраулықтар ұлы ақынның 178 жылдығын атап өтті. Абай ескерткішінің алдында өткен мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Шараның шымылдығы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры әртістерінің театрландырылған прологымен ашылды. Кейін қатысушылар Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары атыраулықтарды айтулы күнмен құттықтады.

- Әр ұлттың біртуар перзенті – өз халқына қашан да мақтаныш. Ал, біздің мақтанышымыз, әрине - Абай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, «Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз. Ұлы Абай - біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға». Себебі Абайдың жолы тек қазақ мәдениеті мен әдебиеті, ғылымында ғана емес, бар әлемге мұра. Қазіргі таңда оның еңбектері үлкен зерттеуге қойылғаны ақиқат. Ұлы ақынымызды артымыздан ерген жастарға, келер ұрпаққа насихаттау - баршамызға парыз. Оның еңбегі өлмейді, өшпейді. Абай атамыздың рухын Алла қолдап, пейіште нұры шалқысын!-деді М.Мурзиев.

Іс-шарада тарихи тұлғалар шеруі өтті. Сонымен қатар Абайдың өлеңдері оқылып, әндері айтылды. Сондай-ақ келушілер үшін жергілікиі суретшілердің сурет көрмесі, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты кітап көрмесі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлер қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521