banner_damu

Атырауда 75 адам инфекция жұқтырған

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 39 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 26  адамнан болса, Құрманғазы - 6, Исатай - 2, Жылыой және Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 20 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 78 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 288 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 139, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика