Атырауда 27 мың текше метр қар шығарылды

(0 Votes)

Өңірде қар тазалау және жиналған қарды шығару жұмыстары үздіксіз жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазіргі таңда қаланы қардан тазартуға қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс атқарып, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қолайлылығы үшін бар күш-жігерін салуда. «Арнаулыавтобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, қазіргі уақытта тазарту жұмыстарына 100 ден астам арнайы техника 300-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Нәтижесінде, 4-13 ақпан аралығында 27 мың текше метр қар шығарылса, 316 тонна реагент себілді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Амандық Сағынтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521